«Ғаламның ғарышында-бастауыш балғындары»

Дата публикации: 2.03.2022 в 9:22

  «Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейінде» қазақ тілінде білім алатын бастауыш класс оқушылары үшін 14 – 25 ақпан  аралығында  «Ғаламның ғарышында-бастауыш балғындары» атты онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында мұғалім мен оқушы, ата-ана арасындағы байланысты сақтай отырып, әр түрлі бағыттағы іс-шаралар жоспарланды. Жоспар бойынша күн жүйесіндегі ғаламшарларға саяхат жасау арқылы сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылды. Сурет салу, мектептің макетін жасаудан оқушылар арасында көрме болды. 1-класс оқушылары үшін “SMART бала” интеллектуалды сайысы өтіп, оқушылар өз білімдері мен біліктілігін ортаға салды. Мұғалімдер арасында «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыппен эстафеталық жарыс болып, олар өз ептіліктері мен алғырлықтарын көрсетті. Ақын Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқудан поэзия кеші өтті. 1-4 класс оқушылары үшін негізгі пәндер бойынша пәндік олимпиада болды. Онкүндік барысында сабақтар арасындағы үзілістер де бос өткен жоқ, оқушылар дойбы, шахмат ойнап, боямақтар бояды, көңілді музыкамен билер биледі, ребустар шешті, аппликация жасады.  Онкүндік жоспары бойынша барлық іс-шаралар өткізіліп, соңында оқушылар марапатталды.

       Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Умарова Г.Т.