«Қарттарым, аман-сау жүрші» тәрбие сағаты

Дата публикации: 5.10.2023 в 9:03

        Өмірге деген бағыт-бағдарын беріп, күрмеуі көп тіршілікті танып-білуіңе, өткен тарихыңды ақтарып беруге даяр тұратын қарттардың орны мен үшін бөлек. «Атасын сыйлаған абыройға бөленер» дейді дана қазақ. Сондықтан ата-әжені ардақтау, олардың алдында кішірею, құрметтеу, құлаққа жағымды бата-тілек есту неткен ғанибет. Әуелі төрде отырған қариямен амандасу оларға деген құрмет. Оқушы бойына ата-әжелерінің асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында «Қарттарым, аман-сау жүрші» деген тақырыппен 2 қазан күні Қарттар күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында    7б сыныбында тәрбие сағаты өтті. Асыл әжелер қонаққа келіп ұстаздар мен немере оқушыларына бата-тілегін білдірді.

    Қазақ – аталы сөзді батадай көретін, қаны қызу, сөздің құдіреті мен өлшеміне бас иіп, түйткіл уәждің түйінін шешетін сөз зергері қарияны, һәм қарттарды ұлық тұтатын қадірлі ұлт екенімізді әсте естен шығармайық.

7б сыныбының жетекшісі:  Әсемгүл Тілеужанқызы.