IELTS (International English Language Testing System)
Дата публикации: 16.04.2021 в 12:55
IELTS (International English Language Testing System) – ағылшын тілінен білімді бағалаудың халықаралық жүйесі. Ол адамдардың ағылшын тілі бойынша біліктілігін, деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тесті оқу орнына түсу үшін, сондай-ақ шетелде және көші қонда жұмыс істеу үшін тапсырады. IELTS нәтижесі 0 бастап 9-ға дейін бағаланады. Үміткер тестілеуді тапсырғаннан кейін 13-ші күні нәтижесін біле алады.
Осы тіл білу деңгейін тексеруге мұрсат беретін емтиханды мектеп тарихында алғашқы болып 11 А класс оқушысы #20202021түлегі Нұрқасымова Меруерт Ерболқызы тапсырып ағылшын тілі деңгейін білу көрсеткіші 5.5 нәтижесін жинақтады. Жарайсыз Меруерт , білім шыңында көріне беріңіз!
Шын жүректен құттықтаймыз!
#ЕНТ2021 #ҰБТ2021 #ЕрмухамбетоваАЖ
Мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Аругуль Жанаевна Ермухамбетова