Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» атты кітап оқу бәйгесі

Дата публикации: 27.10.2021 в 8:11

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» атты  кітап оқу бәйгесін  22 қазан мен 25 қараша күндері 5-11 кластары аралығында ұйымдастырылатындығын хабарлайды .

🎯Жоба мақсаты: кітап оқуға баулу, кітап оқитын оқушылар санын арттыру.

💰 Жүлде қоры: Әр топқа жеке-жеке ақшалай жүлде қорлары.

Бәйгеге қатысу шарты:

5-7 сынып: Интернат наны (Шерхан Мұртаза)

8-12 сынып: Балалық шаққа саяхат (Бердібек Соқпақбаев) кітабын оқу.

Кітаптар мектеп дәлізінде QR код арқылы  немесе  оқушыларға класс жетекшілер арқылы электронды нұсқада жіберіледі.

— Оқыған кітаптары бойынша белгіленген күні тест тапсыру.

Жүлделер:

1-орын: 10 000 тг

2-орын: 7 000 тг

3-орын: 5 000 тг

4-6 орын: ынталандыру сыйлығы

Кітап оқу жобасына қатысуға тіркелу үшін  25-31-ші қазан аралығында арнайы сілтеме жіберіледі

Тіркелудің аяқталуы: 31.10.2021 ж

25.11.2021 ж, арнайы сілтеме арқылы тест (онлайн) өтеді

Қосымша ақпаратты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінен аласыздар 

#кітапоқыжүлдегеиебол  #кітапоқубәйгесі