Qazaq stable coin мен Qazaqchain криптоқоғамының негізін қалаушысы Аман Қозыбаевпен кездесу

Дата публикации: 27.12.2021 в 8:34

Абай атамыз айтқандай, “қазіргі заман – бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман”. Оған дәлел бүгінгі кездесу қонағы. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік негіздерін меңгеруге әрдайым ықпал ететін мектеп директоры С.Салиштің @sss.taecher ұйымдастыруымен Qazaq stable coin мен Qazaqchain криптоқоғамының негізін қалаушысы Аман Қозыбаевпен @aman.kozybaev ашық сұхбат өтті. Сұхбат барысында Аман Қозыбаев оқушылармен блокчейн мен токеномиканың қырсырымен бөлісті. Оқушылар өз ойларындағы сұрақтарына толыққанды жауап алды.