Бастауыш буын мен негізгі орта буын арасындағы сабақтастық

Дата публикации: 28.04.2022 в 9:26

25 – 30 сәуір аралығында бастауыш буынды аяқтаушы  4-кластардың сабақтарына негізгі орта буынның мұғалімдері қатысуда. Өзара сабаққа қатысымды ұйымдастырудағы мақсат – негізгі орта буынға көшкелі отырған оқушылардың деңгейін, білім, білік, дағдысын бақылау. Сабаққа қатысу барысында оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын байқау, мұғалімнің өз пәніне қызығушылығын арттыру үшін қолданатын әдіс-тәсілдері, класс ішіндегі қалыптасқан ахуал бақыланды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Молдажарова