Күзгі марафон-2023

Дата публикации: 6.10.2023 в 9:56

2023 жылдың 1 қазан күні Ақтөбеде жүгіруден күзгі марафон өтті. Шара Ақтөбе облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ Ақтөбе қалалық әкімдігі мен Ақтөбе облыстық Триатлон федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған марафонға 2000 астам адам қатысты. Аталған марафонға   Ә.Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта  ІТ  МЛ-нің оқушылары Тургашев Асмет, Мирамбеков Али, Серикбаева Инжу 3 шағырым қашықтықты жүгіріп өтті. Жаттықтырушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сансызбаев Б.А. Марафонға қатысушылар арнайы медалдармен марапатталды.