Жаз – 2024

Дата публикации: 14.06.2024 в 9:54

“Жаз – 2024” маусымы аясында Ә.Кекілбайұлы атындағы №72 ЖББО ІТ МЛ-де 3-14 маусым аралығында  «ІТ BALAQAI»  мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері және  “Балдаурен” ойын алаңы жұмыс жасайды. Жазғы лагерге барлығы 67 бала қамтылған. Күндізгі лагердің күн тәртібінде ұйықтау, төрт мезгіл тамақтану қарастырылған. Лагерь бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне сай “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар мен экскурсиялар, сауықтыру шаралары қамтылды.