Бос педагог лауазымына конкурс жариялау

Дата публикации: 16.08.2024 в 12:50

     « Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі» КММ-сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемелекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.

2024-2025 оқу жылының 16-26 тамыз аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар

Бос лауазым атауыЖүктемесіОқыту тіліТұрақты\уақытша орынЖалақысы
1Бастауыш класс мұғалімі4 бірлікҚазақ тілінде оқытылатын кластар үшінУақытша, декрет орны190000-250000 аралығында
2Бастауыш класс мұғалімі3 бірлікОрыс тілінде оқытылатын кластар үшін2 тұрақты, 1 уақытша190000-250000 аралығында
3Информатика пәні мұғалімі1 бірлікҚазақ \орыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты190000-250000 аралығында
4Дене шынықтыру пәні мұғалімі1 бірлікҚазақ \орыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты190000-250000 аралығында
5Орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі1 бірлікОрыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты190000-250000 аралығында
6Көркем еңбек пәні мұғалімі (қыз балаларға)1 бірлікҚазақ \орыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты190000-250000 аралығында
7Педагог-ұйымдастырушы1 бірлікҚазақ \орыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты137000-170000 аралығында
8Тарих пәні мұғалімі1 бірлікОрыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты190000-230000 аралығында
9Педагог-ассистент  1 бірлікҚазақ тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты160000-180000 аралығында
10Қосымша білім беру педагогі (хореограф)1 бірлікҚазақ \орыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты137000-170000 аралығында

Мектепке қажетті бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектептің «72itschool.edu.kz»  ресми сайтынан, https://hr-nobd.edu.kz модульден, мектептің инстаграм «72itschool» және www.facebook.com\72itschool? mibextid=LQQJ4d Фейсбук парақшаларынан көруге болады;

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап,  7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.  (26 тамызға дейін);

Қажетті құжаттар тізбесі:

  1. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып,  конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы «нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№21579 болып тіркелген);
    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
    9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік ( бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults.Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе  TOEFL  (TOEFL) (интернетке негізделген тест  (IWT)) – 60-65 балл; болу керек.
    11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 
    12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттаң толтырылған бағалау парағы;
    13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы-720х480.
    Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинап, https://hr-nobd.edu.kz модуліне тіркеліп, құжаттарыңызды осы модульге орналастырасыздар.
    (Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Бөкенбай батыр, строение 46) 

Электронды пошта e-mail: 72-mektep@aktgoroo.kz
Байланыс телефоны: 8 (7132)45-36-96, 87475437382