1-ші сыныпқа өтініш беруге асығайық ата-аналар!

Дата публикации: 13.05.2021 в 10:08

Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдары алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Құжаттар тізімі

Фото 3х4 см

3х4 см өлшемді баланың екі фотосуреті

Нысан № 063/у

№ 063/у нысаны денсаулық жағдайы туралы анықтама

Нысан № 026/у-3

№ 026/у-3 нысаны денсаулық жағдайы туралы анықтама

ПМПК қорытындысы

Сонымен қатар, педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған)

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

  • Ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (ақпараттың) сенімсіздігін анықтау;
  • Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымына оқуға түсудің типтік ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
  • Сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.

Мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Аругуль Жанаевна Ермухамбетова

#1класс #20212022 #мектепкеқабылдау #приемвшколу #болашақбіріншікласс #будущиепервокласники