Жазғы мектеп – 2021
Дата публикации: 1.06.2021 в 7:28
Бастауыш класс оқушылары мен ата – аналарына ҚР білім және ғылым
министрінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан жазғы мектеп жұмысы
туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 26 мамыр мен 19 маусым
аралығында жазғы мектеп жұмыстары жүргізіледі. 1-4 кластарда оқушылар
математика, қазақ тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, дүниетану пәндерін
таңдады. Бағыты тренинг сабақтары, жобалық іс-шаралар, ғылыми-зерттеу
жұмыстары ,ашық ауада өткізуге арналған іс-шаралар. Тәрбие сағатын өткізу
жоспарланған. Сабақтарға еркін киіммен келе алады. Барлық оқушыларға
білім беру ақысыз болады.
Директордың орынбасары Г.Умарова