Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының 111 жылдығы.
Дата публикации: 26.11.2021 в 10:17

Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы – тау тұлға, ер жүрек бабамыздың 111 жылдық мерейтойы елі үшін де торқалы той. Халқының мақтанышына айналған Б.Момышұлының ерлік істерін насихаттау мақсатында, Облыстық «Әлия» патриоттық орталығы және Облыстық ҒӘО-мен бірлесе отырып, мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның бірінші бөлімі Батырдың өмір жолын,ерлігін, өсиет сөздерін насихаттауға арналды. Екінші бөлімі спорттық сайыстармен жалғасты.