Бос педагог лауазымына конкурс жариялау
Дата публикации: 1.10.2024 в 12:47
« Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі» КММ-сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемелекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
2024-2025 оқу жылының 01-10 қазан аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар
№ | Бос лауазым атауы | Жүктемесі | Оқыту тілі | Тұрақты\уақытша орын | Жалақысы |
1 | Бастауыш класс мұғалімі | 1 бірлік | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Уақытша, декрет орны | 190000-250000 аралығында |
2 | Информатика пәні мұғалімі | 1 бірлік | Қазақ \орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Уақытша, декрет орны | 190000-250000 аралығында |
3 | Орыс кластарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі | 1 бірлік | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты | 190000-250000 аралығында |
4 | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі | 1 бірлік | Қазақ \орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Уақытша, декрет орны | 190000-250000 аралығында |
Мектепке қажетті бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектептің «72itschool.edu.kz» ресми сайтынан, https://hr-nobd.edu.kz модульден, мектептің инстаграм «72itschool» және www.facebook.com\72itschool? mibextid=LQQJ4d Фейсбук парақшаларынан көруге болады;
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. (10- қазанға дейін);
Қажетті құжаттар тізбесі:
- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы «нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік ( бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults.Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) – 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттаң толтырылған бағалау парағы;
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы-720х480.
Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинап, https://hr-nobd.edu.kz модуліне тіркеліп, құжаттарыңызды осы модульге орналастырасыздар.
(Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Бөкенбай батыр, строение 46)
Электронды пошта e-mail: 72-mektep@aktgoroo.kz
Байланыс телефоны: 8 (7132)45-36-96, 87475437382